Бұқтырма Оқымай тұрып тез-тез лайк бас • ✅
Мен пісірген Бұқтырма осындай үлкен легеннен 4 леген шықты✔
Керек заттар:
☘Ет-5-6кг
☘Пияз-6-7шт
☘Сәбіз-6-7шт
☘Болгар бұрышы-10-12шт
☘Чеснок-2басы
☘Картоп-3-4кг
☘Капуста -1орташа
☘Укроп,петрушка
☘Помидор-5,6шт
☘Тұз
☘Лавр жапырағы-5-6шт
☘Өсімдік майы-0,5литр
_
Қызған майға етті жақсылап, суы тартылғанша қуырып аламыз. Сосын барлық көкөністерді ірі қылып турап қосамыз. Пиязды 6 бөлікке, сәбізді 4бөлікке, болгар бұрышын екі бөлікке, помидорды 4 бөлікке бөліп қазанға тастай береміз. Чеснокты *зубчик күйінде қосамыз. дәміне қарай тұздап, Бір араластырып аламызда үстіне картопты тастаймыз. Картопқа тұз себеміз де үстіне укроп пен петрушканы турамай, бұтіндей саламыз. Әр жеріне лавр жапырағын салып үстін капустаның жапырақтарымен жауып шығамыз. Капустаға да кішкене тұз себеміз. Қақпағын жақсылап жауып, орташа отта, бір қалыпты температурада, қозғамай, бабына түсіріп кемінде 1,5 сағат пісіреміз. 2сағат пісірсеңізде бүқтырмаңыз езілмейді. Тарелкаға салатын кезде бірінші капустасын , сосын картобын салып аласыз. Сосын еті мен қалған көкөністерін бетіне үлестіріп салып шығасыз. Ешқандай дәмдеуішсіз дәмдіііііі болады. Суына нан батырып жейміз ертесіне. Қонақ күткенде жасайтын ең оңай тағамдардың бір тұрі. Қолы бос боп жүрген біреуіне көкөністерді аршытып алсаң болғаны. Ары қарай турап турап қазанға тастай бересің ғой, рекламалардағыдай тақтай да керек емес. Сосын қақпағын жапқасын ұмытасың 1,5сағатқа Алаңдамай басқа тірлігіңді істей бересің. Астарыңыз дәмді болсын!